Грузин теннисшісі Басилашвили бұрынғы әйелін ұрды деген күдікпен ұсталды

Грузин теннисшісі Басилашвили бұрынғы әйелін ұрды деген күдікпен ұсталды

28 жастағы грузин теннисшісі, әлемнің бұрынғы 16-ракеткасы, үш ATP турнирінің чемпионы Николоз Басилашвили үйінде бұрынғы әйелін ұрды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тергеушілердің мәліметінше, үстіміздегі жылдың 21 мамырында Николоз бұрынғы әйелімен жанжалдасып, оған кәмелетке толмаған баланың көзінше күш қолданған. Ойыншыға қатысты Грузия Қылмыстық кодексінің «Кәмелетке толмаған баланың көзінше отбасының мүшесіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаза әлеуметтік пайдалы жұмыс ретінде 200-ден 400 сағатқа дейін немесе бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Спортшы тағылған айыппен келіспей отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или