Басқа

Батыс Қазақстанда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

news-banner7
mobile-news-top

БҚО-ның Жаңақала ауданында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңір аудандарында осындай кешендердің салынып жатқандығын атап өтті.

«Әр мемлекет спортпен айналысқы келетін адамдарға толық жағдай жасауы керек. Әсіресе, жас ұрпақтың дені сау, рухы биік болып өссе, ел болашағы да жарқын бола түспек. Осыны ескере отырып, бұдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысы облыстың әр ауданында заманауи спорт кешенін салуды тапсырған болатын.

Қазіргі таңда бірден алты ауданда, атап айтқанда, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Қазталов, Теректі және Шыңғырлауда осындай ғимараттар бой көтеруде. Бүгін Жаңақалада жаңа кешеннің пайдалануға берілуі даңқты спортшы-бапкерлері бар, дәстүрі бай ауданда спортты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді», деді өңір басшысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер