Семсерлесуден Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңдерінің жаңа мерзімі жарияланды

Семсерлесуден Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңдерінің жаңа мерзімі жарияланды

Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) 201 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңдерінің жаңа мерзімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Токио ойындарының іріктеу кезеңі айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Олимпиада ойындарында  рапира, сабля және шпагадан ерлер мен әйелдер арасында 12 жүлделер жиынтығы ойнатылады.

Командалық сында ар қару түрі бойынша  сегіз құрама сынға түседі. 2021 жылдың 5 сәуіріндегі әлемдік рейтингке сәйкес алғашқы төрт команда және құрлықтық іріктеу топтарында 5-тен 16-шы орынға дейінгі жайғасқан командалардың жеңімпаздары Олимпиада жолдама алады.

Жекелей сында әр қару түрінен 34 спортшы сынға түседі.

Командалық турнирде сынға түсетін 24 спортшы (әр командадан үш спортшыдан);

FIE рейтингінде алғашқы алтылыққа енген спортшы; олар командалық сынға қатыспауы тиіс;

Құрлықтық іріктеу сындарында жеңімпаз атанған төрт спортшы;

Жапония жарысты қабылдаушы мемлекет ретінде әр қару түрінен жалпы есебі сегіз спортшы қатыстыра алады;

Олимпиада қарсаңындағы әлемдік рейтинг 2021 жылдың 5 сәуірінде аяқталады. Ал құрлық іріктеу турнирлері 2021 жылдың 15-30 сәуірі аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или