World Sailing биыл желкенді спорттан әлем чемпионаты өтпейтінін мәлімдеді

World Sailing биыл желкенді спорттан әлем чемпионаты өтпейтінін мәлімдеді

Халықаралық желкенді спорт федерациясы (World Sailing) желкенді спорттан ашық теңіздегі әлем чемпионатын коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты өткізбейтін болды.

Аталған дода Валлеттеде (Мальта) 17-20 қазан күндері өтуі тиіс болатын. Covid-19 індетіне қатысты әлемде болып жатқан жағдайдың кесірінен жарысты шегеруге тура келген.

World Sailing директорлар кеңесі 2020 жылы әлем чемпионатын өткізбей, оны 2021 жылға шегеру туралы шешімді дұрыс санаған.

Соған қарамастан, қазіргі таңда жоғарыда аталған жағдайға байланысы Жерорта теңізінде дүниежүзілік біріншілікке дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Ұйымдастырушылар жарысқа байланысты пандемия кезінде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Мальта үкіметіндегі жағдайды жіті бақылап отыр.

Айта кетерлігі, ашық судағы дода 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қосылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или