Басқа

Жасталап Санауов: Олимпиадаға ұпай жинайтын тағы да мүмкіндік пайда болды

Жасталап Санауов: Олимпиадаға ұпай жинайтын тағы да мүмкіндік пайда болды
news-banner7
mobile-news-top

Каратэден індетке байланысты өтпей қалған Рабаттағы (Марокко) Премьер-лига кезеңі мен Еуропа чемпионат 2021 жылға ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) мәлімдеді.

«Жоғарыда аталған жарыстар көптеген спортшылар үшін үлкен мүмкіндік еді. Барлық спортшыларда, оның ішінде біздің команда да бар, алдағы күнтізбеге қатысты сұрақтар пайда болды. Өйткені, рейтинг аяқсыз қалған еді. Бүгінде біз Премьер-лига арқылы тағы да ұпай жинау мүмкіндігіне ие болдық.

Сондай-ақ, қарсыластарымызды Еуропа чемпионатында бақылаймыз. Қарт құрлық додасынан соң олимпиадалық рейтинг бойынша алда тұрған спортшылар тізімі жасақталады. Сонымен қатар, кімнің рейтинг бойынша, кімнің құрлықтық іріктеу турнирі бойынша лицензияға таласатыны анықталады. Әзірге Дархан Асаділов те ғана жолдама бар»,- дейді бас бапкер Жасталап Санауов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер