Қытай 2020 жылғы Азия жағажай ойындарын қабылдауға дайын

Халықаралық спорт жарыстарының барлығы тоқтатылып немесе 2021 жылға ауыстырылғанына қарамастан, Қытай жыл соңына жоспарланған Азия жағажай ойындарын өткізуге белсенді түрде дайындалып жатыр, деп жазады Prosports.kz.
Дүбірлі дода Хайнань аралындағы Санья қаласында өтеді деп жоспарланған. Қазіргі уақытта ұйымдастырушылар белгілерді стандарттау және оларды шет тілдеріне аудару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазір карантин шаралары жойылған жоқ, сондай-ақ шекарлар ашылмағандықтан, Қытайға қанша мемлекеттен, қанша спортшының келе алатыны әзірге белгісіз. Бірақ қарашаға қарай жағдай тұрақтануы мүмкін деген болжам бар.
2️⃣0️⃣0️⃣ Days to go!
— Olympic Council of Asia (@AsianGamesOCA) May 13, 2020
Sanya welcomes you all for the 6th Asian Beach Games with lots of love & energy
Together, let's make it a huge success! See you in Sanya #AsianGames #AsianBeachGames pic.twitter.com/J8ZLOyJZFY
Ойындар 2020 жылдың 28 қарашасы мен 6 желтоқсаны аралығында 16 спорт түрі бойынша өтеді. Оның ішінде жүзу, су полосы, жағажай жеңіл атлетикасы, баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, күрес, есу, желкенді спорт, серфинг және басқалары бар.
4️⃣5️⃣ Asian countries, 1 common goal!
— Olympic Council of Asia (@AsianGamesOCA) May 13, 2020
Let our fighting spirit conquer all the odds
The coastlines of Sanya is calling you all for the 6th Asian Beach Games 2020 #AsianGames #AsianBeachGames pic.twitter.com/aI2HZpe7xV
Еске сала кетейік, бірінші Азия жағажай ойындары 2008 жылы Балиде өтті. Содан бері олар екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Бұл турнирді Қытай алғаш рет қабылдағалы отырған жоқ, 2012 жылы Жағажай ойындары да осы елде өткен болатын. Әр жылдары Азия жағажай ойындары Индонезияда (2008 ж.), Оманда (2010 ж.), Таиландта (2014 ж.) және Вьетнамда (2016 ж.) өтті.