Басқа

Андрей Крюков Қазақстан ҰОК бас хатшысы болып тағайындалды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша вице-президенті Андрей Крюков Қазақстан ҰОК президентінің бұйрығымен ұйымның бас хатшысы міндетін атқарушы қызметіне уақытша тағайындалды.

Бұған дейін бас хатшы міндетін атқарған Сәкен Мұсайбеков 6 мамыр күні Қазақстан мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалғандықтан өкілеттігін тоқтатқан болатын. Осылайша, Қазақстан ҰОК Бас Ассамблеясының кезекті отырысы өткенше аталған қызметті Андрей Крюков атқарады.

Айта кетелік, Андрей Крюков 2015 жылдан бері Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша вице-президенті. Одан бөлек, Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) бюросының мүшесі, Бүкіләлемдік допингке қарсы ұйымның (ВАДА) құрылтайшылар кеңесінің мүшесі, Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығы (АНОК) Медициналық комиссиясының мүшесі, Азия Олимпиада кеңесі (АОК) құқықтық комиссиясының мүшесі және Азия жүзу федерациясының (AASF) вице-президенті саналады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер