Live
Спорттағы коронавирус
Басқа

ANOC Бас Ассамблеясының отырысы 2021 жылға ауыстырылды

ANOC Бас Ассамблеясының отырысы 2021 жылға ауыстырылды

Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығы мен Кореяның спорттық және Олимпиадалық комитеті бүгін Сеулде өтетін ANOC Бас Ассамблеясының 2021 жылы өтетінін мәлімдеді. 

ANOC пен KSOC әлемге кеңінен таралған індеттің қаупін және мемлекеттер арасындағы шекараның әлі ашылмағанын ескере отырып, биыл өтетін ANOC Бас Ассамблеясын келесі жылға қалдыру туралы шешім қабылдады. 

Жиынның өткізілу уақыты кейін хабарланады. 

«Әрине, биыл ANOC жиынын өткізе алмайтынымыз өкінішті. Дегенмен, қазіргі әлемдік жағдайды ескерсек, бұл қадамымыз өте дұрыс. Осы орайда әріптестерімізге түсіністік танытқаны үшін рахмет айта отырып, келесі жиында бас қосу үшін 2021 жылды асыға күтеміз», - дейді ANOC президентінің міндетін атқарушы Робин Митчелл. 

Түпнұсқасы: Olympic.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0