Сегіз дүркін Олимпиада чемпионы Усэйн Болт әке атанды

Сегіз дүркін Олимпиада чемпионы Усэйн Болт әке атанды

Сегіз дүркін Олимпиада чемпионы және қысқа қашықтықтағы әлемнің 11 дүркін чемпионы Усейн Болт тұңғыш рет әке атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маңызды оқиға туралы Ямайка премьер-министрі Эндрю Холнесс твиттерде хабарлады.

- Аңызға айналған спринтеріміз Усейн Болт пен Каси Беннеттті қыздарының дүниеге келуімен құттықтаймыз! - деп жазды Холнесс.

Болт спорттық мансабын 2017 жылғы әлем чемпионатынан кейін аяқтады. Ол 100 метр (9.58 сек) және 200 метр (19.19 сек) қашықтықта әлемдік рекордтардың иегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или