Тұрсынбаева президентті туған күнімен құттықтады

Тұрсынбаева президентті туған күнімен құттықтады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы құттықтауын инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды. 

«Туған күніңізбен, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және сәттілік тілеймін!», - деп жазды Тұрсынбаева.

Айта кетейік, Элизабет мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы. Сонымен қатар 2019 жылғы әлем чемпионатының, Төрт құрлықтың чемпионатының және Универсиаданың күміс жүлдегері. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или