Басқа

Жансая Әбдімәлік FIDE Online Steinitz Memorial 2020 турнирінің екінші орнына көтерілді

Жансая Әбдімәлік FIDE Online Steinitz Memorial 2020 турнирінің екінші орнына көтерілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық халықаралық шебер Жансая Әбдімәлік шахматтан алғашқы әлем чемпионы Вильгельм Стейницті еске алуға арналған Blits FIDE Online Steinitz Memorial 2020 онлайн турнирінің екінші күнінде сенімді ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алты ойында Жансая қытайлықтар Лэй Тинцзе мен Тань Чжонъи, болгариялық Антоанета Стефанова, ресейлік Александра Костенюк және француз Мари Себагтардан басым түсіп, бес жеңіске қол жеткізді. 20 жастағы қазақстандық шахматшы қара фигурамен ресейлік Екатерина Лагноға қарсы ойнап, жеңіліп қалды. Лахно екінші күннің нәтижесі бойынша 8 ұпаймен әйелдер арасындағы турнир кестесінде көш бастап тұр.

Жансая Әбдімәлік 7,5 ұпай жинап, Костенюк және Тан Чжонъилермен екінші орынды бөлісіп тұр.

Фото: esquire.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер