Жасұлан Қыдырбаев: «Осы салмақ дәрежесінде жеңіске жетуге міндетті едік»

Жасұлан Қыдырбаев: «Осы салмақ дәрежесінде жеңіске жетуге міндетті едік»

Ауыр атлетикадан 94 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев өзінің өнеріне баға берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Өзімнің бапкерлеріме үлкен алғыс айтамын: Ержан Болтаевқа, Тойшан Бектеміровке және менің алғашқы бапкерім Дәулет Әділғазинге. Солардың нұсқауымен әлем чемпионатына дайындала бастадым. Біз қанша қарсылас болғанымызбен, команда болып қала береміз. Бір жыл бойы бірге жатып, бірге тамақ ішіп, бірге жаттығу жасап, бірге жүрдік. Біз – бір жанұямыз. Володя (Владимир Седов – Авт.) екеуіміз қарсылас болсақ та, мен оны үлкен ағам ретінде сыйлаймын. 94 келіде Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Илинге үлкен рахмет. Біз осы салмақ дәрежесінде жеңіске жетуге міндетті едік. Тұғырға мен осыны ойлап шықтым», - деді жаңа чемпионымыз.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтіп жатқан әлем чемпионатының 94 келіге дейін салмақ дәрежесінде екі бірдей зілтеміршіміз Жасұлан Қыдырбаев пен Владимир Седов жүлдеге ілінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или