Желкенді спорттан әлем чемпионаты өтпейтін болды

Халықаралық желкенді спорт федерациясы 2020 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының өткізілмейтінін хабарлады.
Дүниежүзілік біріншілік жоспар бойынша Бразилиянвң Салвадорында 12-19 желтоқсан күндері өтуі тиіс еді.
Халықаралық желкенді спорт федерациясы мен Бразилия желкенді спорт конфедерациясы коронавирус падемиясына байланысты әлем біріншілігін өткізбеу туралы шешім қабылдаған.
1971 жылы Швециядан бастау алған дода биыл жастар арасында 50-ші рет ұйымдастырылатын еді. Өкінішке қарай, желкенді спортынан бірінші рет жастар арасындағы маңызды дода өтпейтін болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или