Қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы

Қазақтан шыққан тұңғыш  әлем чемпионы

Ауыр атлетикадан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер  арасындағы 94 келіге дейін салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қос қазақстандық сынға түсіп жатқан сайыстың жұлқа көтеру жаттығуында-ақ қоржынымыз екі шағын медальмен толықты. Жасұлан Қыдырбаев алдымен 175 келіні еңсеріп, кейін 179 келі зілтемірді көкке көтере алған. Өкінішке қарай, соңғы мүмкіндігінде 182 келіге тапсырыс беріп, оны көтере алмады. Дегенмен 179 келі нәтижесімен Жасұлан жұлқа көтеруде шағын қола медаль жеңіп алды. Күміс жүлдені 185 келіні бағындырған литвалық Ауримас Дидзбалис мойнына тақты. Қазақстандық тағы бір зілтемірші Владимир Седов жұлқа көтеруде әлем рекордын қайталап, алтын медаль алды. Отандасымыз алғашқы мүмкіндігінде бірден 180 келіні көтеріп, кейін нәтижесін бес келіге жақсартты. Үшінші мүмкіндігінде 188 келі зілтемірге тапсырыс берген. Бұл грекиялық Акакиос Кахиасвилис орнатқан рекордтық көрсеткіш еді. Қазақстандық көптің қолынан келе бермейтін бұл көрсеткішті қайталап, жұлқа көтеруде алтын жүлдеге ие болды.

Серпе көтеру әдісінде қос қазақстандық та 215 келіге тапсырыс берді. Бірінші боп тұғырға Жасұлан Қыдырбаев шығып, зілтемірді төбесіне көтерді. Владимир Седов осы салмақты екінші ретте ғана бағындыра алды. Седов соңғы мүмкіндігінде 219 келі зілтемірді бағындырды. Жасұлан екінші мүмкіндігінде 221 келі зілтемірге тапсырыс беріп, оны оңай еңсеріп тастады. Үшінші мүмкіндігінде 229 келіні де бағындыра алды. Осылайша серпе көтеруде Қыдырбаев бірінші орын алды, ал екінші сатыны 221 келіні көтерген қытайлық Лиу Хао еншіледі. Шағын қола жүлдені Владимир Седов мойнына тақты – 219 келі.

Қоссайыс есебі бойынша әлем чемпионы атағын 229 (179+229) келімен Жасұлан Қыдырбаев алды. Екінші орын да Қазақстан құрамасының қоржынында кетті. 407 (188+219) келіні көтерген Владимир Седов вице-чемпион атанды. Ал үздік үштікті литвалық Ауримас Дидзбалис түйіндеді – 399 (185+2014) келі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или