Шахматтан халықаралық онлайн турнирде Әсел Лесбекова жүлделі орынды иеленді

Шахматтан халықаралық онлайн турнирде Әсел Лесбекова жүлделі орынды иеленді

Жақында Гейдар Әлиевтің туғанына 97 жыл толуына арналған шахматтан онлайн-турнирде қазақстандық шахматшы Әсел Лесбекова жүлделі орынға ие болды.

Халықаралық турнирді Әзербайжан Білім министрлігі мен Әзербайжан шахмат федерациясы ұйымдастырды. Халықаралық турнирдің мақсаты – карантин кезінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, заманауи технологиялар арқылы шахматшылардың тәжірибесін көтеру.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, 43 елден 209 шахматшы қатысқан турнир өте тартысты өтті. Бұл шараға 2003 жылы туған және 17 жастан кіші балалар қатысты.

Қыздар арасында бірінші және екінші орынды әзербайжандық Малак Исмаил мен Говхар Бейдуллаева өзара бөлісті. Ал қазақстандық шахматшы Әсел Лесбекова үшінші орынды алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или