ӘЧ. Қоржынымыз бір алтын және бір қола жүлдемен толықты

ӘЧ. Қоржынымыз бір алтын және бір қола жүлдемен толықты

Ауыр атлетикадан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер  арасындағы 94 келіге дейін салмақ дәрежесінде жұлқа көтеру әдісі, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл салмақта Қазақстанның намысын Владимир Седов пен Жасұлан Қыдырбаев қорғауда. Қос зілтеміршіміз де алғашқы жаттығуда сәтті өнер көрсетті. Алдымен Қыдырбаев 175 келіге тапсырыс беріп, оны төбесінен көтере алды. Кейін зілтеміріне төрт келі қосып, оны да оңай еңсерді. Соңғы мүмкіндігінде 182 келіге тапсырыс берген, Жасұлан зілтемірді көтере алғанымен, оны ұстап тұра алмады.

Седов болса, алғашқы мүмкіндігінде-ақ 180 келіні көтеріп тастады. Кейін бұған бес келі қосып, 185-ті де алды. Үшінші мүмкіндігінде 188 келіге тапсырыс берген. Бұл грекиялық Акакиос Кахиасвилис орнатқан рекордтық мөлшер болатын. Жанкүйерлерінің қолдауымен қазақстандық бұл келіні де бағындыра алды.

Әзірше жұлқа көтеру жаттығуы бойынша бірінші орынды Владимир Седов алып тұр – 188 келі. 185 келіні көтерген литвалық Ауримас Дидзбалис екінші орынға тұрақтады. Ал шағын қола жүлдені Жасұлан Қыдырбаев жеңіп алды.

Серпе көтеру мен қоссайыс нәтижесін порталымыздан бірнеше уақыттан соң біле аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или