Басқа

Қазақстан каратэ федерациясының өкілі WKF жиынына қатысты

Қазақстан каратэ федерациясының өкілі WKF жиынына қатысты
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік каратэ федерациясының атқарушы комитеті коронавирус індетінен туындаған тұрақсыздықты талқылау үшін бейнеконференция өткізді деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

WKF атқарушы комитетінің жиынына Қазақстан каратэ федерациясының вице-президенті Жасталап Санауов қатысты. Күн тәртібінде әлемдегі жағдайға бейімделу мәселелері, оның ішінде, Олимпиаданың 2021 жылға ауыстырылғаны талқыланды.

- Індетке байланысты кейінге қалған турнирлер енді 2021 жылы өтетін шығар. Бұл біз үшін өте маңызды сәт, себебі, ұлттық құрама мүшелерінің жолдама алатын мүмкіндігі пайда болды. Ал лицензия алып үлгерген Дархан Асаділов өз салмағында көш бастап тұр, - дейді Санауов.

- Қазіргі жағдайларға қарамастан, біз тынымсыз жұмыс істейтін боламыз. Мұндай кезеңде бірлікте болу арқылы ғана барлық қиындықты еңсереміз, - деді WKF президенті Антонио Эспиноса.

Сонымен қатар, жиында 2020 және 2021 жылғы маусымдағы жарыс кестесі де сөз болды. Ұйымдастырушылар жақын арада кестені бекітетіндерін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер