Жаппарқұл жұлқа көтеруде қола медаль алды, Манеза - жетінші

Ауыр атлетикадан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасындағы 69 келіге дейін салмақ дәрежесінде жұлқа көтеру жаттығуы тәмамдалды, деп хабаралайды «PROСПОРТ».

Бұл салмақта еліміздің намысы екі бірдей зілтеміршінің қолында болды. Алдымен Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы Майя Манеза шықты. Чемпион қызымыз алдымен 95 келіні бағындырса, кейін бұған бес келіні қосты. Үшінші мүмкіндігінде 105 келіге тапсырыс беріп, мұны да оңай еңсерді. Әзірше Манеза бірінші жаттығудан соң 7-ші орында келеді.

Ал Жазира Жаппарқұл соңғылардың бірі болып, фавориттер қатарында шықты. Алдымен отандасымыз 113 келі зілтемірді шыбын шаққан құрлы көрмеді. Дегенмен екінші мүмкіндігінде 118 келі зілтемір қазақстандыққа бағынбады. Десек те, Жазира соңғы мүмкіндігінде осы салмақты көтере алды. Осылайша Жаппарқұл жұлқа көтеруде қола жүлдеге ие болды.

Кіші алтын медальді Солтүстік Корея елінің ауыр атлеті Рио Ун Хай еншіледі – 120 келі. Ал екінші орынды 118 келіні еңсерген қытайлық Чен Юджуан иеленді.

Серпе көтеру жаттығуы мен қоссайыс нәтижесін порталымыздан бірнеше уақыттан соң оқи аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или