«Бірден бокс залына аттанамын». Головкин карантиннің аяқталуын асыға күтіп жүр
IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшысы Геннадий Головкин<span> Instagram желісіндегі ресми парақшасында карантин режимі күшін жойған соң, бірден бокс залына баратынын мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.</span>
«Карантиннен кейін, ең алдымен боксшылар залына аттанамын. Ал сіздер осы уақыт ішінде ең алдымен нені сағындыңыздар?» - деп жазды Геннадий Головкин.
Еске сала кетелік, Геннадий Головкин міндетті үміткер саналатын польшалық Камила Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасып, өзінің атақтарын қорғап қалуға тиіс.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или