Бокс сарапшысы Головкиннің шешімін түсіне алмайтынын айтты

Бокс сарапшысы Головкиннің шешімін түсіне алмайтынын айтты

DAZN сервисінің сарапшысы Крис Мэнникс қазақстандық боксшын Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жекті кейінге қалдырғанын түсіне алмағанын айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Геннадий Головкин әлемде коронавирус пандемиясы аяқталған соң польшалық боксшы Камила Шереметаға қарсы жекпе-жек өткізетінін мәлімдеген еді.

– Неге келіспеймін дейсіз ғой? Бұл барып тұрған бассыздық. «Канелоға» қарсы жекпе-жек DAZN жазылушылары үшін маңызды. Бұл жекпе-жек HBO-да болғандай pay-per-view деңгейіндегі айқас. Шереметаға қарсы кездесу HBO Championship деңгейіндегі жекпе-жек екені анық. 

«Канело» онымен кездесуге дайын еді. Не «Канелоға» қарсы жұдырықтасып қомақты қаржы аласың, не Шереметаға қарсы кездесесің, - деп жазды Крис Мэнникс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или