Ауыр атлетикадан ӘЧ. Карина Горичева алтыншы орынға тұрақтады

Ауыр атлетикадан ӘЧ. Карина Горичева алтыншы орынға тұрақтады

Ауыр атлетикадан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасында 63 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі сайыс аяқталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жұлқа көтеру жаттығуы қазақстандық Карина Горичева үшін сәтті болды. Қандасымыз алғашқы мүмкіндігінде 103 келіні көтерсе, кейін 108 келіні бағындырды. Үшінші мүмкіндігінде Карина 113 келіге тапсырыс беріп, оны да оңай еңсерді. Бұл – жұлқа көтеру жаттығуындағы ең үздік нәтиже. Дәл осы көрсеткішті қайталаған албаниялық Ромела Бегаи салмағының бірнеше граммға жеңіл болғанына байланысты шағын алтын медальді қанжығасына байлап кетті. Ал қазақстандық зілтемірші жұлқа көтеруде күміспен «күптелді». 112 келіні бағындырған ресейлік Тима Туриева шағын қола жүлдеге ие болды.

Серпе көтеру әдісі Карина Горичева үшін сәтсіз басталды. Бірінші берген тапсырмасы 128 келіні бірден көтере алмай, екінші мүмкіндігінде ғана бағындырды. Кейін Алексей Ни қазақстандықтың зілтемірін бес келіге ауырлатқан, Карина бұл салмақты да оңай еңсерді. Осылайша отандасымыз серпе көтеруде жетінші орынға тұрақтады. Ал бұл жаттығуда шағын алтын медальді қытайлық День Вей мойнына тақты – 142 келі. Екінші орынды 140 келіні еңсерген ресейлік Тима Туриева еншіледі. Ал қола жүлдені Солтүстік Корея елінің спортшысы Чое Хио Сим алды – 140 келі.

Қоссайыс нәтижесі бойынша Горичева алтыншы орынға жайғасты – 246 (113+133) келі. Әлем чемпионы атағын 252 (110+142) келімен қытайлық День Вей алды. Ресейлік те екі жаттығу есебінде дәл осы салмақты (112+140=252) еңсерген, дегенмен солтүстік көршіміздің өкіліне алтын жүлде алу үшін бірнеше грамм артық салмағы кедергі болды (День Вей – 62.21 кг, Туриева – 62.37 кг). Ал үздік үштікті 248 (108+140) келіні алған солтүстік кореялық Чое Хио Сим түйіндеп, қола медальді қанжығасына байлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или