Биыл Түркияда өтуі тиіс «Көшпенділер ойындары» 2021 жылға шегерілді

Биыл қыркүйек айында Түркияда өтуі тиіс «Көшпенділер ойындары» 2021 жылға шегерілді.
<span>«Әр екі жыл сайын өткізілетін «Көшпенділер ойыны» биыл Түркияда өткізілуі керек еді. Алайда әлемдік пандемиясына байланысты Түркиядағы ұйымдастырушыдан ресми хат келіп, бұл сайыстың келесі жылға қалатынын хабарлады», - деді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметінен. </span>
<span>Еске сала кетсек 2018 жылдың қыркүйегінде III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғыз Республикасында өткен болатын. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - түркі әлемінің ортақ құндылықтарын әлемге паш етіп, көшпенділер мұрасын насихаттауда үлкен жоба болып келе жатқан спорттық шара. </span>
<span>Екі жыл бұрын Ыстық көл аймағы Шолпан-Ата қаласында өткен ойындарға қатысушылар 37 ұлттық спорт түрінен өзара бақ сынасқан болатын. Оған әлемнің 80 елінен үш мыңға жуық адам қатысқан.</span>