Даниель Годелли - әлем чемпионы, Кирилл Павлов төртінші орын алды

Ауыр атлетикадан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатының ерлер арасындағы 77 келіге дейін салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл салмақ дәрежесінде қазақ елінің намысы Кирилл Павловтың қолында болды. Отандасымыз жұлқа көтеруде 157 келіні бағындырып, алтыншы орынға тұрақтады. Кирилл алдымен 150 келіге тапсырыс беріп, оны оңай алды. Кейін екінші мүмкіндігінде 155 келі зілтемірді басынан жоғары көтерді. Серпе көтеруде де қазақстандық сәтті өнер көрсетті. Алғаш тапсырыс берген 181 келі зілтемірді Павлов оңай көтерді. Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни шәкіртіне сенсе керек, екінші мүмкіндігінде бірден тоғыз салмаққа көтерді. Павлов 190 келіні де бағындырып, бапкерінің сенімін ақтады. Жанкүйерлерінің қолдауымен Кирилл үшінші мүмкіндігінде 195 келіні де еңсерді. Осылайша қазақстандық зілтемірші серпе көтеруде төртінші орынға тұрақтады.

Алғашқы жаттығуда кіші алтын медаль албаниялық Даниель Годеллидің мойнында кеткен. Годелли жұлқа көтеруде 171 келіні еңсерген. Дәл осындай салмақты көкке көтерген қытайлық Жонг Гуошун салмағының бірнеше граммға ауыр болуына байланысты күміс жүлдені еншіледі. 163 келіні бағындырған Солтүстік Корея елінің спортшысы Ким Квон Сонг үшінші орын алды.

Осы үш спортшы серпе көтеру жаттығуында да кіші медальдарды бөліп алды. Бұл жолы алтын жүлде солтүстік кореялық Ким Квон Сонгтың еншісінде кетті - 200 келі. Ал екінші орынды Даниель Годелли еншіледі. Албаниялық екінші жаттығуда 198 келіні еңсерген. Үздік үштікті албаниялықтан екі келі аз көтерген Жонг Гуошун түйіндеді.

Қоссайыс есебі бойынша албаниялық Даниель Годелли (171+198=369) әлем чемпионы атанды. Күміс медаль Жонг Гуошунның еншісінде - 367 (171+196) келі. Қола жүлде қоссайыс нәтижесі бойынша 363 (163+200) келіні еңсерген Солтүстік Корея зілтеміршісі Ким Квон Сонгке бұйырды. Ал қазақстандық Кирилл Павлов 352 (157+195) келі нәтижесімен төртінші орынға жайғасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или