Кирилл Павлов жұлқа көтеруден алтыншы орында

Ауыр атлетикадан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатының ерлер арасындағы 77 келіге дейін салмақ дәрежесінде жұлқа көтеру жаттығуы аяқталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«А» тобында Қазақстанның намысын Кирилл Павлов қорғап жатыр. Отандасымыз үш мүмкіндігінде де зілтемірді көкке көтере алды. Алдымен 150 келіні бағындырса, кейін бұған бес салмақ қосты. Жұлқа көтеру жаттығуын 157 келі нәтижесімен аяқтады. Әзірше Кирилл 6-шы орында келеді.

Бірінші орынды 171 келіні бағындырған албаниялық Даниель Годелли алып тұр.Екінші сатыға қытайлық Жон Гуошун жайғасты – 171 келі. Қытайлық салмағының ауыр болуына байланысты жұлқа көтеруде екінші орынды місе тұтпақ. Ал Солтүстік Корея елінің өкілі Ким Кван Сонг 163 келіні еңсеріп, үздік үштікті түйіндеді.

Қоссайыс нәтижесін порталымыздан бірнеше уақыттан соң білетін боласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или