Америкалық жаттықтырушы: Сауль Альварес бұрынғыдай шапшаң емес
Америкалық жаттықтырушы Хосе Бенавидес Мексиканың бокс жұлдызы Сауль Альварес жайлы пікірін айтты.
– «Канело» жас та болса, өтеуін өтеді. Ол өте көп жекпе-жек өткізді. Оның аяғы бұрынғыдай шапшаң емес, ағзасы сыр бере бастады. Ковалев барлық раундта жеңіске жетіп келе жатқан, бірақ күтпеген жерден құлады. Ковалев оны көп ұрды. Головкиннен де жойқын соққыларды өткізіп отырды, – деді Хосе Бенавидес.
Айта кетейік, «Канело» жылдың соңына дейін Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізеді деп күтілуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или