Күрес

Хорлан Жақанша: Олимпиадалық салмаққа ауысу туралы мәселенің басы ашық тұр

Хорлан Жақанша: Олимпиадалық салмаққа ауысу туралы мәселенің басы ашық тұр
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия біріншілігінің үш дүркін қола жүлдегері Хорлан Жақанша олимпиадалық салмаққа ауысу туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz ҚР ҰОК-не сілтеме жасап.

"Өзімді 55 келіде жайлы сезінемін. Бұл салмақты маған арналған десек те болады. Бірақ әр спортшы Олимпиадаға қатысуды, Олимпиададан жүлде алуды, Олимпиадада топ жаруды армандайды. Мұндай арман менде де бар. 2024 жылғы Олимпиада ойындарында 55 келі олимпиадалық салмақтар қатарына енуі мүмкін. Салмақ ауыстыру туралы өзімнің ақылшым Әсет Иманбаевпен сөйлесемін. Сол кісі қалай дұрыс болатынын бағамдап береді. Сондықтан, олимпиадалық салмаққа өтуім туралы мәселе әлі толық шешілген жоқ", - дейді Хорлан.

Айта кетейік, Хорлан Жақанша Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында финалға дейін сүрінбей, әлемдік доданың күмісін таққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер