Италия чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін
Италия А сериясының биылғы маусымы мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.
Бұған дейін бір қатар италиялық клуб жаттығуға қайта оралатынын мәлімдеді. «Сассуоло», «Рома», «Лацио», «Болонья» және «Парма» қатарлы командалар жаттығу процесін қайта бастауға ниет білдірген.
Бірақ бұл Италия чемпионаты сөзсіз жалғасады деген сөз емес. Елде коронавирустың таралу қаупі әлі де бар. Сол үшін келесі апта арнайы жиналыс өтіп, биылғы чемпионаттың тағдыры шешіледі.
Егер чемпионат жалғасатын болса, маусымның қалған бөлігі 14 немесе 21 маусымда басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или