Әлем футболы

«Рома» 6 мамырда жаттығу процесін бастайды

«Рома» 6 мамырда жаттығу процесін бастайды
news-banner7
mobile-news-top

Италиялық «Рома» футбол клубы жергілікті билік органдарының тиісті рұқсатын алғаннан кейін келесі аптада жаттығу процесін қайта бастауға ниетті, деп жазады Prosports.kz.

- «Рома» клубы Лацио облысының әкімшілігіне командалық спортқа арналған карантиндік шараларды жеңілдеткені үшін алғыс білдіреді. Келесі аптада біздің ойыншылар медициналық тексерістен өтіп, «Тригория» жаттығу орталығында қауіпсіздікті сақтау ережелерін сай жаттығуларға кіріседі, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жаттығуды бастау мүмкіндігіне Италия астанасының тағы бір командасы «Лацио» да ие болып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін «Сассуоло» клубы 4 мамырда жаттығуды бастайтынын мәлімдеген болатын. Бұл команданың ізін ала «Болонья» мен «Парма» да дәл осындай шешім қабылдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер