Станислав Калицкий: Рингке тезірек оралғым келеді
Қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (10-0, 3 КО) Prosports.kz порталына берген сұхбатында биылғы жоспары мен карантин кезіндегі жаттығу барысы туралы әңгімеледі.
- Станислав, карантин кезіндегі жаттығу қалай?
- Үйде жаттығып жүрмін. Негізінен кардио жаттығулары. Мамыр айында болатын шайқасқа дайындалып, жемісті жаттығу өткіздім. Өкінішке орай, карантин мені бәрінен айырды. Сонымен қатар, менің болашақ қарсыласымның есімін әлі де білмеймін.
- Биыл кіммен жұдырықтасқыңыз келеді?
- Қазір мен үшін кіммен төбелесу маңызды емес - олар маған рингке шығуға мүмкіндік берсе болды.
Еске салайық, Калицкий өзінің соңғы жекпе-жегін аргентиналық Алан Кастиллоға қарсы өткізді (27-8, 10 КО). Жекпе-жек жоспарланған барлық 10 раундқа созылып, бірауыздан қазақстандық ойыншының жеңісімен аяқталды.
Boxrec рейтингінде жартылай жеңіл салмақта ол 32-орынға тұрақтады. Бұл салмақта қазақстандықтар арасында ол бірінші орында тұр.