Эдди Хирннің компаниясы Елеусінов туралы фильм ұсынды
Matchroom Boxing компаниясы кәсіпқой бокста қатарынан тоғыз жеңіске жеткен қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов туралы деректі фильм түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Атлант мұхитының екі жағында да жұдырықтасып, өзі өткізген барлық тоғыз жекпе-жекте қарсыластарын тізе бүктірген ол үлкен шайқастарға дайын», - делінген фильмнің хабарламасында.
Келесі жекпе-жегінде Данияр Елеусінов намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) кездесуі керек.
Айта кетейік, Matchroom Boxing компаниясын тағы бір қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен серіктес Эдди Хирн басқарады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или