Бобыржан Момынов: Жаңа Тайсон не Мұхаммед Әли болғым келмейді

Бобыржан Момынов: Жаңа Тайсон не Мұхаммед Әли болғым келмейді

Қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (10-0, 8 КО) Instagram-парақшасында жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп жазды Prosports.kz сайты.

– Жарақат алуым, қарсыласымның бас тартуы, енді, міне, коронавирус шаршы алаңға шығуым кедергі келтіріп отыр. Наурыз айының соңында жекпе-жегім өтуі қажет еді. Келісімшартқа қол қойған едік. Бірақ күтпеген жерден пандемия барлық жоспарды бұзды.

Өмірде ештеңе істей алмайтын кезең болады. Дегенмен қазір нағыз айқасқа дайын екенімді сезіп тұрмын. Бокс тарихына атымды қалдырғым келетінін бұған дейін де айтқанмын. Мен жаңа Тайсон не Мұхаммед Әли болғым келмейді. Әлем мені Бобыржан Момынов ретінде есте сақтап қалғанын қалаймын, – деп жазды боксшы.

Естеріңізде болса, Бобыржан Момынов соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың көктемінде өткізіп, қарсыласы Джонатан Стилді (9-6-1, 6 КО) жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или