IJF Олимпиадалық іріктеу кезеңінің уақытын жаңартты

IJF Олимпиадалық іріктеу кезеңінің уақытын жаңартты

Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық іріктеу кезеңіне жаңартулар енгізді, деп хабарлайды Prosport.kz. ҰОК-не сілтеме жасап.

Токио Олимп адасына іріктеу кезеңінің қашан аяқталатыны мәлім болды. Ол 2021 жылдың 29 маусымы болып белгіленді. Көрсетілген датаға дейінгі барлық жарыстың нәтижесі 100% есептелетін болады. 2019 жылдың 25 мамырына дейін жарыстың 50% ұпайы рейтингке қосылса, енді 2021 жылдың 29 маусымына дейінгі барлық дода нәтижесі 100% есепке алынатын болады. Жарыстың өткізілетін уақыты мен жарыс кестесі қосымша хабарланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или