Шахрам Гиясов: Данияр екеумізді салыстыра береді

Шахрам Гиясов: Данияр екеумізді салыстыра береді

Өзбек боксшысы Шахрам Гиясов (9-0, 7 КО) қазақстандық Данияр Елеусіновпен (9-0, 5 КО) салыстыру жайлы пікірін айтты.

– Екеуміздің қарым-қатынасымыз жақсы. Оның әркез жеңісімен құттықтаймын. Бізді Өзбекстан мен Қазақстанның өкілі болғандықтан салыстыратын шығар. Біздің боксымыз дамыған, жақсы нәтиже көрсетеміз, сол себепті салыстыра береді, - деді Шахрам Гиясов vRINGe VISION басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Шахрам Гиясов пен Данияр Елеусінов тек 2016 жылғы Олимпиада ойындарының финалда кездескен. Ол кезде қазақстандық боксшы жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или