Бокс

Тайсон мұқтаж жандарға көмектесу үшін рингке оралады

Тайсон мұқтаж жандарға көмектесу үшін рингке оралады
news-banner7
mobile-news-top

Он бес жылдан бері кәсіпқой деңгейде жекпе-жек өткізбеген Майк Тайсон қандай жағдайда рингке шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен спортзалға қайта оралып, бабыма келіп, рингте үш-төрт раундтық жекпе-жек өткізгім келеді. Кештен жиналған ақшаның бәрі кедей адамдарға көмектесу үшін жұмсалады», - деп келтірді Тайсонның сөзін Boxing Scene.

Даңқты боксшы мансабын 2005 жылы аяқтады. Кәсіпқой бокста 50 мәрте жеңіске жетіп, 6 рет жеңіліс құшқан.

Жазда Майк 54 жасқа толады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер