Коронавирус: 144 жекпе-жек өткізген экс-боксшының жағдайы белгілі болды

Коронавирус: 144 жекпе-жек өткізген экс-боксшының жағдайы белгілі болды

Куба боксының аңызына айналған 77 жастағы Хосе Легра (129-11-4, 49 КО) Испания ауруханаларының бірінде коронавируспен күресіп жатыр, деп хабарлайды ToFight.ru.

<span>Boxingscene.com мәліметінше, Леграның беті бері қараған. Кәсіпқой бокста ол 1964-1973 жылдар арасында жұдырықтасқан. Осы тоғыз жыл ішінде ол 144 жекпе-жек өткізіп, жартылай жеңіл салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын екі рет иеленген. Боксшы 1963 жылы Кубадан қашып, содан бері Испанияда тұрып жатыр. </span>

<span>Соңғы мәліметтер бойынша, Испанияда 223 759 адам коронавирус жұқтырған, оның 23 190-ы көз жұмған. </span>

«Ливерпульдің» экс-бапкері коронавирус жұқтырды

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или