Садриддин Ахмедов канадалық боксшымен жекпе-жек өткізуі мүмкін
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) келесі жекпе-жегін канадалық Микаэль Зевскиге (34-1, 23 КО) қарсы өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Садриддин Ахмедов бірінші орта салмақта, ал Микаэль Зевски жартылай орта салмақта жұдырықтасатынына қарамастан Eye of the Tiger Management компаниясы жекпе-жекті өткізуге ниет білдірген.
Канадалық боксшы жартылай орта салмақта IBF North American және WBO NABO белбеулерінің иегері. Мансабында 35 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде жеңіліс тапқан.
Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосқа қарсы өткізіп, жетінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или