WBO және IBF титулдарының иегері Садриддин Ахмедовке қарсы жекпе-жек туралы айтты

WBO және IBF титулдарының иегері Садриддин Ахмедовке қарсы жекпе-жек туралы айтты

Канадалық боксшы Микаэль Зевски (34-1, 23 КО) қазақстандық Садриддин Ахмедовке (11-0, 10 КО) қарсы өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы пікірін айтты.

– Шынымды айтсам, EOTTM бұл жекпе-жекті өткізеді дегенге сене қоймаймын. Олар жай менің атымды жарнама үшін пайдаланып жатқан секілді. Егер расымен жекпе-жек ұйымдастырғысы келсе агентім Ивон Мишельге хабарлассын, - деп келтіреді Микаэль Зевскидің сөзін Lenouvelliste басылымы.

Садриддин Ахмедов бірінші орта салмақта, ал Микаэль Зевски жартылай орта салмақта жұдырықтасатынына қарамастан Eye of the Tiger Management компаниясы жекпе-жекті өткізуге ниет білдірген. 

Канадалық боксшы жартылай орта салмақта IBF North American және WBO NABO белбеулерінің иегері. Мансабында 35 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде жеңіліс тапқан.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосқа қарсы өткізіп, жетінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или