Қазақстандық нокаутер Фируза Шариповамен бір бокс кешіне қатысуы мүмкін

Қазақстандық нокаутер Фируза Шариповамен бір бокс кешіне қатысуы мүмкін

Супер орта салмақтағы қазақстандық боксшы Диас Тастеміров 19 маусымда Қазан қаласында шаршы алаңға шығуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz AllFight.Ru сайтына сілтеме жасап.

28 жастағы спортшы 23 наурызда Алматыда өтуге тиіс болған бокс кешінде жұдырықтаспақ болған. Алайда карантин режиміне сәйкес, іс-шара өтпей қалды. Ratel Pro Fight промоутерлік компаниясы отандасымыздың қатысуын қарастырып жатыр. Камерундық Херин Сох Фонку қарсыласы болып қала бермек.

Еске салайық, осы кеште қазақстандық Фируза Шарипова ресейлік София Очигавамен кездеседі.

Тастеміров кәсіпқой рингте 4 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или