Жеңіл атлетика

Берлин марафоны коронавирус кесірінен өтпейтін болды

Берлин марафоны коронавирус кесірінен өтпейтін болды
news-banner7
mobile-news-top

Берлин марафоны коронавирус пандемиясына байланысты осы жылы өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Марафон 27 қыркүйекке жоспарланған болатын. Ал Германияда жаппай шаралар өткізуге тыйым 24 қазанға дейін созылады.

Берлин марафоны әлемдегі ең беделді марафондардың бірі. Ол алғаш рет 1964 жылы 8 қарашада өтті. Өткен жылғы марафонның жеңімпаздары эфиопиялықтар Кененис Бекеле және Асете Бекере болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер