Әлия Юсупова: Спортшыларға ешқашан қол көтерген емеспін

Әлия Юсупова: Спортшыларға ешқашан қол көтерген емеспін

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Әлия Юсупова спортшылармен қарым-қатынасы жайлы баяндады. Ол қыз балаларымен жұмыс істеудің оңай еместігін, олармен тіл табысу үшін абайлап әрекет ету керегін айтты.

<span>– Көркем гимнастика қыз баласына арналған спорт түрі. Олардың әрқайсысы бір-бір үйдің еркесі. Сол себепті, олармен жұмы істеу үшін, оларды тәрбиелеу үшін көп күш қажет. Мысалы, мен спотшыларға телефон ұстатпаймын. Бірақ ұлттық құрамадағы 17-18 жастағы қыздарға: «Әкел телефоныңды, таста мұнда» деп айта алмайсың. Спортшыларға ұялы телефонның жаттығу кезінде қажеттілігі жоқ екенін жақсылап түсіндіру қажет. </span>

<span>Біз күніне сағаттап жаттығу жасаймыз, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз. Сол себепті тәртіп өте қажет. Мәселен, 2018 жылғы Азия ойындарында мен қыздардың телефондарын қолына берген жоқпын. </span>

<span>Тек жарыс аяқталып, алтын жүлдегер атанған соң ұстаттым. «Мамаларыңнан сүйінші сұраңдар», - дедім. Өзім қанша қатал көрінгенмен, жүрегім жұмсақ адаммын. Ешқашан спортшыларға қол көтерген емеспін. Кез келгенінен сұраңыздар (күлді), - дейді бас бапкер.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или