DAZN сарапшысы Головкин - Альварес жекпе-жегін қашан өткізу керегін айтты

DAZN сарапшысы Головкин - Альварес жекпе-жегін қашан өткізу керегін айтты

DAZN стримингтік қызметінің сарапшысы және комментаторы Серхио Мора қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізудің ең жақсы уақыты 2021 жылдың көктемі мен күзінде екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Boxingnews24.com сайтына сілтеме жасап.

«Екі боксшы да алдымен, былайша айтқанда, жаттығу іспеттес жекпе-жек өткізгені дұрыс. Спортшылар карантиннің соңына қарай бабында бола ма, ол жағы бізге беймәлім.

Олар карантинде оқшауланып отыр. Нағыз қызған шағына жету үшін оларға аралық сипаттағы жекпе-жек керек. Содан кейін ғана үлкен айқас басталады. Сондықтан мен Джонатан Бэнкспен келісемін,  мұндай кідірістен кейін бірден «Канеломен» төбелесудің қажеті жоқ. Сіз денеңіздің реакциясы қандай болатынын білмейсіз ғой, - дейді Мора.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Джонатан Бэнкс осы жылдың қыркүйегінде Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтіндерін айтқан. «Канеломен» жекпе-жек алдында қазақстандық әлем чемпионы титулды міндетті түрде Камиль Шереметамен, одан кейін тағы бір жекпе-жек өткізеді деп жоспарланып отыр.

Фото allboxing.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или