Сарапшы: «Канело» 80-ші жылдардың боксшыларын оңай жеңер

Сарапшы: «Канело» 80-ші жылдардың боксшыларын оңай жеңер

DAZN платформасының сарапшысы Серхио Мора мексикалық Сауль Альварес пен 1980 жылдардағы боксшыларға қызық салыстырма келтірді.

– «Канело» 80-ші жылдардың боксшыларын оңай жеңер еді деп ойлаймын. Оның стиді ерекше, жағы мен иегі мықты, күші, жылдамдығы жақсы. Ол кез келген қарсыласын нокаутқа түсіре алады, сол үшін де тек мықтылармен жұдырықтасқысы келеді.

1980 жылдары бокс тарихындағы үздік онжылдықтардың бірі. «Канело» Хаглер, Хирнс, Леонард, Дюран секілді боксшыларды жеңе алатынына күмәнім жоқ. Тек Хаглерға қарсы жекпе-жек қиын соғар еді, - деді бокс сарапшысы.

Айта кетейік, Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізген екі жекпе-жегінің біреуінде тең түсіп, екіншісінде жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или