Асқар Орманов: Олимпиаданың шегерілуі құрамаға мүмкіндік берді

Асқар Орманов: Олимпиаданың шегерілуі құрамаға мүмкіндік берді

Төртжылдықтың басты додасы Олимпиада ойындары бір жылға кейінге шегерілді. 2021 жылы өтетін Токио Олимпиадасының уақытының өзгертілуі туралы мамандар пікірі екіге бөлінді. Olympic.kz сайтына бадминтоннан ұлттық құрама бас бапкері Асқар Орманов осы жайлы пікірімен бөлісіп, Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңдері туралы айтып берді.

«Біздің құрма үшін Олимпиада ойындарының шегерілуі іріктеу кезеңі бойынша мүмкіндік берді деуге болады. Алайда, әлі күнге дейін бүкіләлемдік федерация аталған мәселе жайлы, спортшылардың Олимпиадаға іріктелуі туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Негізінде Олимпиада алдындағы бір жылда рейтинг бойынша үздік спортшыларға жолдама үлестірілетін.

Жолдама жолында таласқа түсетін екі-үш үміткеріміз болған. Өкінішке қарай, белгілі себептерге байланысты біз оларды Олимпиадалық іріктеу турниріне жібере алмадық.

Қазіргі таңда спортшылар рейтингі тоқтатылды. Карантин уақыты аяқтлғаннан кейін Олимпиадалық іріктеуге қатысты бүкіләлемдік федерация тарапынан нақты хабарлама болады деп ойлаймыз», - дейді бас бапкер.

Дархан Асаділов: Олимпиада жолдамасы - командалық жұмыстың жемісі

Жасталап Санауов: Токио Олимпиадасының бір жылға кейінге шегерілуін әркім әрқилы қабылдады

Бақтияр Байсейітов: Олимпиаданың бір жылға шегерілгені жастар үшін қолайлы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или