Басқа

Жасталап Санауов: Токио Олимпиадасының бір жылға кейінге шегерілуін әркім әрқилы қабылдады

Жасталап Санауов: Токио Олимпиадасының бір жылға кейінге шегерілуін әркім әрқилы қабылдады
news-banner7
mobile-news-top

Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері Жасталап Санауов Olympic.kz сайтына сұхбат берді. Токио Олимпиадасының бір жылға кейінге шегерілуі туралы сөз қозғапкаратешілерге бұл өзгерістің қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«ХОК-тің Олимпиада ойындарын келесі жылға ауыстырылуын спорттық федерациялар әрқилы қабылдады. Әрине, жазғы ойындарға қатысушылардың қауіпсіздігін сақтау қажеттігін барлығы да түсінеді. Каратэ федерациясы бұл шешімді екіұдай сезіммен қабылдады десем артық емес. Іріктеу кезеңі аясындағы жоғары қарқынымыз ұзаққа созылған үзіліске байланысты біраз төмендеді. Осыдан соң, жаңа болжамдар жасауға тура келеді. Көптеген жарыстар кейінге шегеріліп, қайтадан өтетін мерзімі әлі анықталған жоқ. Біршама уақыт бұрын спортшылар өздерінің қандай мүмкіндігі барын жақсы білетін. Алайда, үлкен спорттағы белгісіздік салдарынан бапкерлер да, атлеттер де алаңдай бастады. Аталған шешімнің жағымсыз тұсы осы шығар. Енді ұлттық құраманың алдағы жоспарларын қайта қараймыз. Екінші жағынан, төртжылдық додасының келесі жылға қалуының тиімді тұстары да бар.

Бірінші кезекте – іріктеу турнирлерінің келесі жылға ауыстырылғаны қуантады. Спортшылар ескі жарақаттарын емдеп, қайтадан бабына ене бастайды. Өйткені, іріктеу турнирлері әрбір екі апта сайын өткендіктен, каратешілердің денсаулығын қалыпқа келтіруге көп уақыт бөлмеген едік. Жарақаттарды емдейтін уақыт енді келді. Одан бөлек, спортшылардың қатемен жұмыс істеп, өткен маусымға сараптама жасауына мүмкіндік беріліп отыр.

Біздің қазіргі басты проблемамыз – карантин кезінде команда мүшелерін спорттық бабында сақтау. Мұндай жағдайға бірінші рет тап болғандықтан, жаңа дайындық жоспарын жасау үшін көп ізденуге тура келді. Жаттығудың ұзақ уақытқа тоқтап қалуына, спортшылардың психологиялық жағдайына көңіл бөлу қажет. Бапкерлер кеңесі спортшылардың дайындығын онлайн режимде бақылауда ұстап отыр. Бәріміз күш біріктірсек, бұл қиын кезеңді де еңсеріп, Олимпиада ойындарына дайындықты жалғастырамыз деп сенеміз», - дейді бас бапкер.

Еске сала кетелік, Токио Олимпиадасы 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер