Басқа

Дархан Асаділов: Олимпиада жолдамасы - командалық жұмыстың жемісі

news-banner7
mobile-news-top

Каратеші Дархан Асаділов Ұлттық Олимпиадалық комитеттің #ҮйдемізTeamKZ жобасының қонағы болды. Онлайн жобаның тікелей эфирінде Дархан сұрақтарға жауап беріп, жолдама жеңіп алған сәттегі әсерімен бөлісті.

"Карантин уақытында үйде жаттығуды жалғастырып жатырмыз. Бапкерлер құрамы мен команданың дәрігерлері айтқан нұсқаулық бойынша күніне екі мезгіл жаттығу жасаймыз. Таңертең - кардио, кешке - физикалық жаттығу.

Жолдама жеңіп алдым деп, босаңсуға болмайды. Себебі, жолдама жолында талас оңай болған жоқ. Рейтингте көш бастап тұрғанда маған автоматты түрде жолдама беріледі деді. Алайда, Олимпиада жолдамасына ие болған спортшылар нақты шықпайынша, яғни өзімнің аты-жөнімді жолдама жеңіп алған спортшылар тізімінен көрмейінше сенбедім.

Менің басты қарсыластарым Италия, Франция, Жапония елінің өкілдері еді. Тиісінше, олар да Токио Олимпиадасына баратын болды.

Токио Олимпиадасының жолдамасы - бұл тек менің емес, командалық жұмыстың, команданың еңбегінің жемісі деп білемін", - дейді Дархан Асаділов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер