Грек-рим күресі

Бақтияр Байсейітов: Олимпиаданың бір жылға шегерілгені жастар үшін қолайлы

Бақтияр Байсейітов: Олимпиаданың бір жылға шегерілгені жастар үшін қолайлы
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов Токио Олимпиадасының 2021 жылға ауыстырылуына қатысты пікір білдірді. Бапкердің айтуынша, төртжылдық додасының шегерілуі жастарға үлкен мүмкіндік береді.

– Олимпиада ойындарының кейінге шегерілгені дұрыс шешім. Өйткені, спортшылар мен барша жанкүйердің және өзге де қызмет көрсетуші адамдардың өмірін, денсаулығын сақтау керек. Қазіргі карантин кезінде спортшылар үйден жаттығуда. Әрқайсысына жеке тапсырма беріп, күн сайын тексеріп отырмыз. Карантин аяқталған бойда жаттығу жиындары да басталады. Ал Токио Олимпиадасы біздің жас балуандарымыз үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Олар ұлттық құрама үздіктерімен иық тірестіріп, олармен бірге жаттығуға және шеберліктерін арттыруға мүдделі. Ендеше, бұл міндеттерді орындау үшін тұтастай бір жыл бар, - дейді бас бапкер.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасы 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер