Бекзат Нұрдаулетов: Карантин кезінде ағылшын тілін үйреніп жүрмін
<span class="s1">Бокстан Ұлттық құрама мүшесі, әлем чемпионы, Олимпиада ойындарына жолдама иеленген Бекзат Нұрдәулетов отандастарды коронавирус індетінен сақтанып, қорғану үшін үйде отыруға шақырды. Сондай-ақ, бос уақытын тиімді пайдалану және кейінге шегерілген Токио Олимпиадасы туралы ой бөлісті. </span>
<span class="s1"> "Қазіргі таңда карантинге қарамастан үйде жаттығуымды үзбей жалғастырудамын. Оқығым келіп жүрген кітаптарды оқып, ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Олимпиада ойындарына келер болсақ, әрине шегерілгені өкінішті. Десе де, Халықаралық Олимпиада комитеті мен Жапония үкіметі дұрыс шешім қабылдады деп ойлаймын. Біз бірінші орынға денсаулықты қойғанымыз жөн. Қолына былғары қолғап киіп, бокс залына қадам басқан кез келген боксшының арманы Олимпиада ойындарына қатысып, өзінің бағын, бәсекесі жоғары додада сынап көру. Бұл менің Жаңаөзендегі алғашқы бокс секциясына қатысып жүрген кезімдегі арманым еді. Наурыз айында Иорданияның Амман қаласында өткен іріктеу турнирінде топ жарып, Қазақтың Әнұранын орындатып, Олимпиада ойындарының жолдамасына ие болдым. Алдағы уақытта еңбектеніп, тыңғылықты дайындалып Токио Олимпиадасында барымды салатын боламын", - дейді боксшы Бекзат. </span>