Алексей Ни Арли Чонтей туралы

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Арли Чонтейдің өнеріне баға берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Естеріңізге сала кетсек, Арли Чонтей жұлқа көтеруде төртінші орын (129 кг), серпе көтеруде 11-орын (145 кг) алған болатын. Ал екі жаттығудың нәтижесі бойынша отандасымыз 274 келімен алтыншы орынға тұрақтады.

«Үздік алтылықтың қатарына кіруді мақсат тұтқанбыз. Бұл міндетімізді орындадық. Мұндай чемпиондардың арасында бір нәрседен үміттену өте қиын, бірақ алтыншы орын алғанына көңілім толады, бір жағынан ол көтерген салмақ үшін қамығып та тұрмын. Екі мүмкіндігінде де 150 келіні көтере алды, бірақ ұстай алмады. Өз елінде өтіп жатқандықтан қатты толқыды, әлі жас қой. Бірақ жұмыс істейтін жеріміз көп. Жұлқа көтеруі жақсы, енді серпе көтеруді жақсарту қажет», - деді Алексей Ни.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или