ITTF үстел теннисінен әлемдік турдың екі кезеңін кейінге шегерді

ITTF үстел теннисінен әлемдік турдың екі кезеңін кейінге шегерді

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) коронавирус індетіне байланысты әлемдік турдың екі кезеңін кейінге шегерді.

16-21 маусым аралығында Оңтүстік Кореяда, 23-28 маусымда Австралияда өтуі тиіс әлемдік тур ойындары өтпейтін болды.

Сондай-ақ, 28-31 мамыр күндері Катар астанасы Дохада өтуі тиіс әлемдік іріктеу турнирі 2021 жылға ауыстырылды.

Айта кетелік, бұған дейін Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтуі тиіс командалық әлем чемпионаты 27 қыркүйек- 4 қазан аралығына ауыстырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или