Геннадий Головкин Штурм – Штиглиц жекпе-жегін тамашалады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кеше Германияда өткен жекпе-жекті тамашалады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Басты жекпе-жекте WBO титулының иегері екінші орта салмақтағы 33 жасар Роберт Штиглиц және орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы 35 жасар Феликс Штурм рингке шықты. 12 раунд қорытындысы бойынша бір судья жеңісті 115:113 есебімен Штурмға, екіншісі дәл осындай есеппен Штиглицке берсе, ал үшіншісі 114:114 есебімен екеуі де тең түсті деп есептеді. Жекпе-жектен кейін боксшылар матч-реванш өткізу туралы тілектерін білдірді.

Жекпе-жекке қатысқан екінші орта салмақтағы WBO чемпионы, осы жекпе-жектің жеңімпазымен кездескісі келетінін айтқан Артур Абрахам Штурм жеңді деп есептейді.

Сондай-ақ, осы жұдырықтасуға қатысқан орта салмақтағы WBA чемпионы Геннадий Головкин судьялардың шешімімен келісті.

24.kz сайтының мәліметі бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или